
Зорлық-зомбылық — бұл жеке адамның еркіндігіне, қадір-қасиетіне, денсаулығына жасалған қастандық. Ол отбасында, мектепте, жұмыс орнында немесе қоғамда болсын — ешқандай жағдайда ақталмайды.
Әр азаматтың өзіне тиесілі мүлкі заңмен қорғалады. Жеке мүлік – азаматтың өз қаражатына сатып алған немесе заңды түрде иеленген мүлкі.

Жұмыс барысында ескерткіштің беті ластанудан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Сонымен қатар, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы қажетті жұмыстар толық орындалды.

2026 жылғы 1–3 шілде аралығында Іле ауданының аумағында кәмелетке толмағандар арасында жедел-профилактикалық рейдтік іс-шара өткізіледі.

Отбасында жанжал, айқай, қорлау немесе зорлық-зомбылық орын алғанда тек ересектер ғана емес, балалар да зардап шегеді. Ең қорғансыз куәгерлер — балалар. Бала тікелей зорлық-зомбылық көрмесе де, ол қорқыныш, үрей және психологиялық жарақат алады.

балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің бақылауынсыз шомылуына жол бермеңіз;

Іле ауданында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу – ата-аналардың басты міндеті. Балалардың бос уақытын бақылап, олардың жүрген ортасын біліп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз.
