
балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің бақылауынсыз шомылуына жол бермеңіз;
мас күйде суға түспеңіз;
шомылу аумағын белгілейтін қалқымалардан асып жүзбеңіз;
шағын көлемді кемелер мен өзге де жүзу құралдарына жақындамаңыз;
тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгімеңіз;
қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, табиғи жартастардан, тастардан, қоршаулардан және осы мақсатқа арналмаған өзге де құрылыстардан суға секірмеңіз.
Осы қарапайым қағидаларды сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.





