Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің ерлігін ұлықтау, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен тарихи жадыны қалыптастыру.

Жиналғандар майдан даласында шейіт болып, жат жердің топырағы бұйырған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, соғысқа қатысып, бүгінде арамызда қалған санаулы қарт жауынгерлерге құрмет көрсету баршаның қасиетті борышы екенін айтты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі балалар денсаулығын жүйелі нығайтуға және профилактикалық медицинаны дамытуға бағытталған «Бастау» кешенді бағдарламасын әзірлеуге кіріседі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен өткен кеңесте балалар денсаулығын сақтауды дамытудың негізгі бағыттары қаралды. Атап айтқанда, мектеп медицинасын жетілдіру, профилактикалық тексерулерді цифрландыру, «Саламатты мектеп» бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ жазғы сауықтыру науқанын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Боралдай аудандық ауруханасының басшысы ретінде мен үшін ең бастысы — сіздердің амандықтарыңыз бен денсаулықтарыңыз. Жеңіс сыйлаған бейбіт күн әр шаңыраққа қуаныш пен жылулық әкелсін. Біз өз кезегімізде әрбір тұрғынның денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек ете береміз.

Ардагерлерімізге ұзақ ғұмыр, ал елімізге тыныштық тілеймін. Мереке құтты болсын!

Құрметпен,
Боралдай аудандық ауруханасының директоры
Ракишева Амина Галимжановна

Боралдай аудандық ауруханасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасына белсенді атсалысуда. Бүгін біздің қызметкерлер кезекті жалпықалалық сенбілікке шығып, аурухана аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Ынталы оқушылар топтары үшін медициналық ұйымның негізгі құрылымдық бөлімшелері бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Боралдай аудандық ауруханасының ұжымы кезекті сенбілікке шықты.

Кез келген аурухана жұмысының ең маңызды көрсеткіші — халықтың берген шынайы бағасы. Осы мақсатта 31 наурыз күні ауруханамызда жай ғана кездесу емес, ауданның қоғам белсенділері мен пікір көшбасшыларымен ашық әрі тікелей диалог өтті. 🤝

2026 жылғы 20 наурызда Боралдай ауылының аудандық ауруханасында мекеме директорының қатысуымен қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша, атап айтқанда медицина қызметкерлерінің қызметіне кедергі келтіру және оларға қарсы құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілікке қатысты 380-3-бап бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.