
Құрметті тұрғындар!
Күннің қатты ысуына және ауа температурасының +40 C-қа дейін көтерілуіне байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауыңызды сұраймыз.
Мүмкіндігінше аптап ыстық уақытта сыртқа шықпауға тырысыңыз, физикалық белсенділікті шектеңіз және салқын бөлмелерде көбірек болыңыз. Әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар артериялық қысымды жүйелі түрде бақылап отыруы қажет.
Дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдауды ұмытпаңыз, ішу режимін сақтаңыз (медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда) және денсаулығыңыз нашарласа, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!





