Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Сіздердің қолдарыңыз дертке шипа, сөздеріңіз көңілге медеу болсын. Еңбектеріңіз еленіп, әрбір пациенттің алғысына бөлене беріңіздер! 🌷

Бүгін мекемемізде айтулы қос мереке — Халықаралық мейірбикелер күні және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті! Денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып, түн ұйқысын төрт бөліп, халық саулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандар мен айбынды ер-азаматтарымыздың еңбегі еленіп, жоғары деңгейде марапатталды.

❤️ Денсаулық бақылауда: Боралдайда Дүниежүзілік артериялық гипертонияға қарсы күрес күніне арналған акция өтті!

17 мамыр — бүкіл әлемде Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күні ретінде атап өтіледі. Осы маңызды датаға орай Боралдай ауылының аудандық ауруханасында жергілікті тұрғындар үшін арнайы медициналық акция ұйымдастырылды.

Бұл мереке кітапқа деген қызығушылықты арттырып, оқырмандар қатарын көбейтеді.

Баланың өмірі мен денсаулығы — ең басты құндылық. Бүгін біз сәбилердегі кенеттен өлім синдромы (КӨС) мен асфиксияның (тұншығу) алдын алу, сондай-ақ дәрігерді шұғыл шақыруды талап ететін қауіпті белгілер туралы маңызды ережелерді бөлісеміз.

🌟 Бүгін, 21 мамыр, ауруханамызға арнайы жұмыс сапарымен елімізге белгілі маман — Аллергоорталықтың жетекшісі, м.ғ.д., ҚазҰМУ профессоры, жоғары санатты балалар мен ересектер аллерголог-пульмонологы, ҚР Аллергологиялық қоғамының Құрметті Президенті Таир Темірланұлы Нұрпейісов келді.

Сіздерді 2026 жылдың 26 маусымында Қонаев қаласындағы ASP аренасында өтетін HEALTH INVEST FORUM – 2026 форумына шақырамыз!

Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын бұл форум — денсаулық сақтау саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен инвестициялық бастамаларды біріктіретін ірі алаң.

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қастерлі әрі ұлық мереке – қасиетті Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! 💐

Бұл мейрам – адамзатты имандылыққа, бірлікке, мейірімділік пен өзара көмекке шақыратын ерекше күн. Осындай нұрлы сәттерде жасаған әрбір игі істеріңіз, шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. 🤲🏻✨

Денсаулық сақтау саласының мамандары ретінде біз үшін ең басты құндылық – әрбір азаматтың амандығы. Сондықтан осы берекелі мереке күні сіздерге және отбасыларыңызға ең алдымен мықты денсаулық, қажымас қайрат пен ұзақ ғұмыр тілеймін. Шаңырақтарыңыздан құт-береке үзілмей, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық сақталсын.

Құрбан айт әр шаңыраққа бақыт, қуаныш пен жылулық әкелсін! Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Ракишева Амина Ғалымжанқызы, Боралдай аудандық ауруханасының директоры

Біз үшін Галина Васильевнаның көпжылдық қажырлы еңбегіне алғыс білдіріп, құрмет көрсету үлкен мәртебе. Кездесу барысында ардагерімізге сыйлықтар табыстап, оған мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледік. Мұндай кездесулер — аға буынның бейбіт күн мен жасампаз еңбегіне деген шексіз ризашылығымыздың белгісі. Сіздермен мақтанамыз және әрқашан қадірлейміз! ✨

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Боралдай аудандық ауруханасының ұжымы игі дәстүрден жаңылмай, тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтап қайтты.

Біздің ардақты ардагерлеріміз — Васильева Наталья Ивановна, Носко Александр Васильевич және Лидия Даниловнамен кездесу біз үшін үлкен мәртебе. Олардың сұрапыл соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі мен төзімділігі — бүгінгі ұрпақ үшін шынайы отансүйгіштіктің үлгісі.