Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Іле ауданында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шара аясында жастармен және тұрғындармен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, есірткінің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар арнайы ақпараттық брошюралар таратылып, жастарға зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ аудан аумағында есірткі жарнамасы мен заңсыз контенттің алдын алу мақсатында антиграффити жұмыстары ұйымдастырылып, қоғам назарын нашақорлық мәселесіне аударуға бағытталған профилактикалық шаралар жүзеге асырылды.

Біздің мақсат – жастардың саналы таңдау жасауына ықпал етіп, есірткісіз және қауіпсіз қоғам!