
Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу – ата-аналардың басты міндеті. Балалардың бос уақытын бақылап, олардың жүрген ортасын біліп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз.
Естеріңізге саламыз: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуы заң бұзушылық болып саналады.
Судағы, жолдағы және интернеттегі қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше көңіл бөліңіз.
Құрметті ата-аналар! Балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, олардың жарқын болашағы үшін бірлесе әрекет етейік.
Іле аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия





