
2026 жылғы 1–3 шілде аралығында Іле ауданының аумағында кәмелетке толмағандар арасында жедел-профилактикалық рейдтік іс-шара өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, заңсыз алкоголь өнімдерін сату деректерін анықтау, сондай-ақ балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық және қоғамдық орындарда болуын бақылау.
Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың қайда және кіммен жүргеніне назар аударып, олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Балалардың заң талаптарын сақтауына және бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі!
️





