
Отбасында жанжал, айқай, қорлау немесе зорлық-зомбылық орын алғанда тек ересектер ғана емес, балалар да зардап шегеді. Ең қорғансыз куәгерлер — балалар. Бала тікелей зорлық-зомбылық көрмесе де, ол қорқыныш, үрей және психологиялық жарақат алады.
Агрессия мен қорқыныш ортасында өскен балалар:
️ қауіпсіздік сезімін жоғалтады;
️ тұйық немесе агрессивті болып кетеді;
️ күйзеліс пен қорқынышты сезінеді;
️ оқу үлгерімі төмендеп, айналасына сенімін жоғалтады.
Отбасы — махаббаттың, қолдаудың және сыйластықтың мекені болуы тиіс. Әрбір бала қауіпсіз әрі тыныш ортада өсуге құқылы.
Егер сіз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз — бейжай қарамаңыз. Сіздің көмегіңіз бір баланы қорғап, біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
️ Іле аудандық полиция басқармасы «Қазақстан — отбасындағы зорлық-зомбылықсыз» акциясы.
03. 07. 26







