Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Боралдай аудандық ауруханасының ұжымы игі дәстүрден жаңылмай, тыл еңбеккерлерін мерекемен құттықтап қайтты.

Біздің ардақты ардагерлеріміз — Васильева Наталья Ивановна, Носко Александр Васильевич және Лидия Даниловнамен кездесу біз үшін үлкен мәртебе. Олардың сұрапыл соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі мен төзімділігі — бүгінгі ұрпақ үшін шынайы отансүйгіштіктің үлгісі.



«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» — бұл біз үшін жай ғана сөз емес. Біз сіздердің ерліктеріңізді әрқашан жадымызда сақтаймыз, қадірлейміз және мақтан тұтамыз. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат және отбасыларыңызға амандық тілейміз!



Мерекелеріңізбен, қымбатты ардагерлер! 💐