Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қастерлі әрі ұлық мереке – қасиетті Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! 💐

Бұл мейрам – адамзатты имандылыққа, бірлікке, мейірімділік пен өзара көмекке шақыратын ерекше күн. Осындай нұрлы сәттерде жасаған әрбір игі істеріңіз, шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. 🤲🏻✨

Денсаулық сақтау саласының мамандары ретінде біз үшін ең басты құндылық – әрбір азаматтың амандығы. Сондықтан осы берекелі мереке күні сіздерге және отбасыларыңызға ең алдымен мықты денсаулық, қажымас қайрат пен ұзақ ғұмыр тілеймін. Шаңырақтарыңыздан құт-береке үзілмей, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық сақталсын.

Құрбан айт әр шаңыраққа бақыт, қуаныш пен жылулық әкелсін! Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Ракишева Амина Ғалымжанқызы, Боралдай аудандық ауруханасының директоры