Баланың өмірі мен денсаулығы — ең басты құндылық. Бүгін біз сәбилердегі кенеттен өлім синдромы (КӨС) мен асфиксияның (тұншығу) алдын алу, сондай-ақ дәрігерді шұғыл шақыруды талап ететін қауіпті белгілер туралы маңызды ережелерді бөлісеміз.
📌 1-БӨЛІМ: Қауіпсіз ұйқы ережелері
Тек арқасымен жатқызу! Бұл — нәресте үшін ең қауіпсіз қалып.
🔹Қатты матрас: Төсек беті тегіс және тығыз болуы тиіс.
🔹Бос бесік: Бесікте жастық, көрпе, жұмсақ ойыншықтар мен бамперлер болмауы керек (олар тұншығуға әкелуі мүмкін).
🔹Бір бөлмеде, бірақ бөлек төсекте: Нәресте ата-анасымен бір бөлмеде, бірақ өз төсегінде ұйықтағаны абзал.
🔹Қызып кетуге жол бермеу: Бөлмедегі қолайлы температура 18-22°C. Баланы маусымға сай киіндіріңіз.
🔹Түтіннің болмауы: Үйде және баланың қасында шылым шегуге қатаң тыйым салынады.
🚨 2-БӨЛІМ: Аурудың қауіпті белгілері (Дәрігерді шұғыл шақыру керек!)
Егер балаңызда мына белгілер байқалса, уақыт жоғалтпай 103 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз:
🔹Жоғары температура (38°C және одан жоғары).
🔹Тыныс алудың қиындауы немесе жиілеуі.
🔹Сәбидің тым селқостығы, ұйқышылдығы, оны оятудың қиын болуы.
🔹Тамақтан (емшек емүден) мүлдем бас тарту.
🔹Жиі құсу, диарея және сусыздану белгілері.
🔹Тері түсінің өзгеруі (бозару, көгеру).
🔹Өзгеше жылау (тым ащы немесе әлсіз, тоқтаусыз жылау).
❤ Қарапайым қадамдар балаңыздың өмірін сақтайды. Жазбаны сақтап алып, басқа ата-аналармен бөлісіңіздер!





