🌟 Бүгін, 21 мамыр, ауруханамызға арнайы жұмыс сапарымен елімізге белгілі маман — Аллергоорталықтың жетекшісі, м.ғ.д., ҚазҰМУ профессоры, жоғары санатты балалар мен ересектер аллерголог-пульмонологы, ҚР Аллергологиялық қоғамының Құрметті Президенті Таир Темірланұлы Нұрпейісов келді.
Бұл күн маңызды екі бағытта өтті:
1️⃣ Медициналық ұжыммен кездесу: Таир Темірланұлы ауруханамыздың дәрігерлерімен және медициналық қызметкерлерімен кездесіп, аллергология мен пульмонология саласындағы заманауи тәсілдерді талқылады. Кәсіби тәжірибе алмасу біздің мамандардың біліктілігін арттыруға жаңа серпін берді.
2️⃣ Ашық есік күні: Аудан тұрғындары үшін жоғары деңгейдегі тегін кеңес алудың бірегей мүмкіндігі туды. Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Таир Темірланұлы тұрғындарды қабылдап, аллергиялық және тыныс алу жолдарының аурулары бойынша кәсіби кеңес беріп, емдеу жолдарын нұсқады.
🤝 Боралдай аудандық ауруханасының ұжымы және аудан тұрғындары атынан Таир Темірланұлына уақыт бөліп, бағалы кеңестерімен бөліскені үшін және халқымыздың денсаулығын жақсартуға қосқан зор үлесі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!



✨ Біз сіз





