Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында Іле аудандық кітапханасында ауданға қарасты ауылдық кітапханалардың кітапханашыларымен түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында марафонының мақсаты мен міндеттері, қатысу тәртібі, марафонға ұсынылған кітаптар тізімі және reading-nation.kz платформасында тіркелу жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар ауылдық кітапханашыларға оқырмандарды марафонға кеңінен тарту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, әлеуметтік желілерде марафон туралы ақпараттарды тұрақты жариялау және кітапханаларда марафон аясындағы іс-шараларды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді

Instagram желісіндегі түпнұсқа жарияланым