«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында аурухана әкімшілігі бірінші сыныпқа баратын 30 қызметкеріміздің балаларына арнайы сыйлықтар табыстады.
Кішкентай бүлдіршіндерге оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтармен толық қамтылған жаңа мектеп сөмкелері сыйға тартылды.
Бұл бастама — еңбеккерлерімізге көрсетілген қолдау мен балалардың білімге деген құштарлығын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Кішкентай бірінші сынып оқушыларына оқуда үздік нәтижелер, таусылмайтын талап пен қызықты мектеп өмірін тілейміз!
Мектептегі алғашқы қадамдарың сәтті болсын!





