Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит жөніндегі директордың орынбасары

Динара Балғабекқызы — 21 жылдық еңбек өтілі бар жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау саласының тәжірибелі сарапшысы әрі ұйымдастырушысы.

Білімі: С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ түлегі («Педиатрия», 2004 ж.) «Жалпы дәрігерлік практика» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша қайта даярлаудан өткен «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» бағдарламасы бойынша сертификатталған маман (2025 ж.)

Кәсіби жолы: Еңбек жолын балалар дәрігері болып бастаған. Қазіргі уақытта Боралдай ауылдық аудандық ауруханасының Пациенттерді қолдау және ішкі аудит жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарады. Стационарлық көмекті, МСАК ұйымдастыруға және дәрігерлік амбулаториялардың жұмысына жетекшілік етеді.

Марапаттары:

  • «Жанқиярлық еңбегі үшін» төсбелгісі
  • «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі

Динара Балғабекқызының басты ұстанымы — Боралдай ауылдық аудандық ауруханасының әрбір емделушісі үшін медициналық көмектің жоғары сапасын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету