Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Ауданымыздың балаларына білікті медициналық көмек көрсету мақсатында ауруханамызда Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекші мамандарының қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.

Бір күн ішінде жоғары білікті мамандар кішкентай пациенттерді қабылдап, тексеру жүргізді, сондай-ақ ата-аналарға егжей-тегжейлі кеңес беріп, әрі қарайғы емдеу бойынша ұсыныстарын білдірді.

Мұндай шаралардың басты мақсаты — өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу және ауданымыздың барлық тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.

Балалар денсаулығы — еліміздің болашағы!