Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

QR-код арқылы медициналық ұйымға барғанды растау – денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бақылаудың маңызды элементі. Ол пациенттің өзінің қатысуын ескеруге және азаматтардың медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Qalqan цифрлық сервисінде әрбір медициналық ұйымға арнайы QR-код беріледі. Пациент оны eGov Mobile қосымшасы арқылы сканерлеп, барғанын растай алады. Алдағы уақытта бұл функционалды екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларына да енгізу жоспарлануда.

Пациенттің жеке кабинетінде қабылдау және көрсетілген медициналық қызметтер туралы мәліметтерді көрсету көзделіп отыр. Егер көрсетілген ақпарат іс жүзінде алынған көмекке сәйкес келмесе, азамат бұл туралы хабарлай алады. Пациенттердің растауын медициналық ұйымдардың жұмысын бағалау критерийлерінің бірі ретінде ескеру де жоспарлануда. Осылайша, азаматтардың пікірі мен тікелей қатысуы медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын бақылау жүйесінің бір бөлігіне айналмақ.