
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда. Қазірдің өзінде қосымшада сақтандыру мәртебесін тексеруге, МӘМС жүйесіндегі қатысу және төлемдер туралы мәліметтерді қарауға, сондай-ақ QR-код арқылы медициналық ұйымға барғаныңызды растауға болады.
Келесі кезең пациенттің жеке профилін, электронды денсаулық паспортын және қаржылық паспортын іске қосу болады. Пациенттер алынған медициналық қызметтер туралы ақпаратты көре алады, олардың сапасын бағалайды және Қорға тікелей өтініш жібере алады. Осылайша цифрлық сервистер денсаулық сақтау жүйесін әрбір адам үшін қолайлырақ, ашығырақ және түсініктірек етуге көмектеседі.





