Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

2026 жылғы 6 тамызда сағат 11:00-де Боралдай ауылының аудандық ауруханасында халықты вакцинациялау жұмыстарын белсендіру мәселелері бойынша жеке медициналық орталықтардың басшыларымен жиын өтті. Кездесуге «Daulet medical center» және «Н. Досжанов» жеке медициналық орталықтарының өкілдері қатысты.

Жиында талқыланған басты бағыттар: Профилактикалық вакцинациямен қамту деңгейін арттыру; Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту; Жоспарлы вакцинация көрсеткіштерін өз уақытында орындауды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, онкологиялық скринингтер жүргізу, халықты скринингтік зерттеулермен қамтуды ұлғайту, сондай-ақ қан айналымы жүйесінің ауруларының (ҚАЖА) алдын алу мен ерте анықтау мәселелері де басты назарда болды.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушыларға аталған бағыттар бойынша жұмысты жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді. #Боралдай #Медицина #Вакцинация #Скрининг #ДенсаулықСақтау БоралдайАуруханасы