
Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында денсаулық сақтау саласына берген жоғары бағасы – сала мамандарының еңбегіне көрсетілген үлкен сенім әрі зор жауапкершілік.
Президент атап өткендей, соңғы жылдары елімізде медициналық инфрақұрылым қарқынды дамып, халыққа көрсетілетін көмектің сапасы мен қолжетімділігі айтарлықтай артты. Бұл – мемлекет жүргізіп отырған жүйелі реформалардың нақты нәтижесі.
Алматы облысында да денсаулық сақтау саласын жаңғырту, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи технологияларды енгізу және дәрігерлердің кәсіби әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Президенттің дәрігерлердің мәртебесін көтеру, олардың еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі ұстанымы біз үшін маңызды бағдар болып қала береді. Біз алдағы уақытта да тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету жолындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз.





