Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұжымымыз үшін керемет әрі қуанышты жаңалық!

Асқар Тоқпанов атындағы БМСК меңгерушісі Садахбаева Толқын Ахметқызы еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен жауапты қызметіндегі кәсіби адалдығы үшін жоғары марапатқа ие болды!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» республикалық байқауында жеңімпаз атанып, І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды!

Құрметті Толқын Ахметқызы! Сізді төл мерекеңізбен және осы лайықты жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл марапат – сіздің қажырлы еңбегіңіздің, табандылығыңыз бен пациенттерге деген шексіз жанашырлығыңыздың жемісі.

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық және кәсіби биіктерден көріне беруіңізді тілейміз! Еліміздің медицинасын дамыту жолындағы еңбегіңіз жана берсін!

Құттықтауларыңызды пікірге қалдыра кетіңіздер! ️