Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Іле ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын түсіндіру мақсатында рейдтер, профилактикалық кездесулер мен ақпараттық-түсіндіру шаралары ұйымдастырылуда.

Сондай-ақ жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және пробация есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеу мәселелері тұрақты бақылауда.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық мәдениетті нығайтуға және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.