Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Құрметті әріптестер, медицина саласының ардақты қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекеміз — Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам жанының арашасы болу — асқан жауапкершілікті, төзімділікті және шексіз мейірімділікті талап ететін қастерлі міндет.

Әрбір пациенттің сауығып кетуі үшін түн ұйқысын төрт бөліп, адал еңбек етіп жүрген Боралдай ауруханасының және ауданымыздың барлық медицина мамандарына алғысым шексіз. Сіздердің шипалы қолдарыңыз бен жылы сөздеріңіз мыңдаған жанға үміт пен өмір сыйлауда.

Осынау айтулы мерекеде сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке, сарқылмас қуат және кәсіби қызметтеріңізге табыс тілеймін! Еңбектеріңіз еленіп, халықтың алғысына бөлене беріңіздер!

Ізгі ниетпен және терең құрметпен, Боралдай аудандық ауруханасының директоры Ракишева Амина Галимжановна.