Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін Боралдай аудандық ауруханасында Медицина қызметкерлері күніне арналған аса жылы, жүрекжарды және салтанатты іс-шара өтті!

Бұл күн әрбір қызметкер үшін ерекше болды, өйткені қажырлы еңбегі, жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы үшін көптеген медицина мамандары лайықты марапаттарға ие болды:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамоталары.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары.

Облыс әкімі мен Іле ауданы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары.

Боралдай аудандық ауруханасы бас дәрігерінің атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары.

Мерекеде биыл 50 жасқа толған айтулы мерейтой иелеріне және зейнет демалысына құрметпен шыққан ардагер мамандарымызға ерекше құрмет көрсетіліп, ыстық ықылас білдірілді. Көпжылдық еңбектеріңіз бен өлшеусіз тәжірибелеріңіз үшін мың алғыс!