
Боралдай ауруханасының ұжымы мақтанышпен құттықтайды!
Алматы облысының Іле ауданында Медицина қызметкерлері күніне арналған
ауқымды салтанатты шара өтті. Осы айтулы жиында өңір басшысы Марат
Сұлтанғазиев облыстың медицина мекемелеріне 70 жаңа жедел жәрдем көлігін
табыстап, денсаулық сақтау саласының үздік мамандарын марапаттады.
Бұл күн біздің ұжым үшін ерекше мақтанышқа толы болды! Біздің құрметті
әріптесіміз Динара Балғабековна көпжылдық қажырлы еңбегі мен кәсіби
шеберлігі үшін «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен
марапатталды!
Боралдай ауруханасының ұжымы атынан Динара Балғабековнаны осынау жоғары
әрі лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық,
сарқылмас күш-жігер және абыройлы жұмысыңызда жаңа табыстар тілейміз!
Қолыңыз дерт көрмесін!
Еске сала кетсек, мерекелік шара аясында облыстың өзге де үздік
мамандары «Құрмет» орденімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің
төсбелгілерімен және 12 түрлі номинация бойынша марапатталды.
Барша әріптестерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!






