Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Алматы облысында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара

өтті!

Іле ауданында ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі жоғары деңгейде

атап өтілді. Шара барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі

медициналық мекемелерге 70 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстап,

денсаулық сақтау саласының үздік мамандарын марапаттады.

Жоғары марапаттар мен құрмет:

Сала қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар тапсырылды.

Оның ішінде:

«Құрмет» орденімен: Балқаш аудандық орталық ауруханасының неонатолог

дәрігері Қарылғаш Тәжібаева мен Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының

педиатр дәрігері Зорям Юсупова марапатталды.

Сондай-ақ бірқатар маман ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің

төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің марапаттарымен

ұлықталды.

12 номинация бойынша үздіктер анықталды:

Мерекеде үздік шыққандардың қатарында «Үздік стационар дәрігері», «Үздік

ауыл дәрігері», «Үздік денсаулық сақтау менеджері» және «Үздік жедел

медициналық көмек дәрігері» бар.

Халық денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша медицина

қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаймыз!