Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Өңірдегі медициналық көмектің сапасын арттыру — басты бағыт. Алматы облысы

Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының бастамасымен Талғар көпсалалы

орталық аудандық ауруханасында кардиологиялық қызметтің жұмысына аудит

жүргізілді.

Сапардың мақсаты: пациенттердің маршрутын оңтайландыру және қан айналымы

жүйесінің аурулары кезінде шұғыл көмек көрсету тиімділігін арттыру.

Мониторинг барысында келесі бағыттарға баса назар аударылды:

Шұғыл көмек: Қабылдау бөлімі мен жансақтау палаталарының миокард

инфарктісі бар ауыр пациенттерді қабылдауға дайындығы мен ұтқырлығы

тексерілді.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: Тромболитикалық терапияға (тромбтарды

ерітуге) қажетті өмірлік маңызды препараттардың қоры тексерілді.

Жұмыс процесін бағалау: Диагностикалық жабдықтардың жай-күйі мен

медициналық хаттамалардың сақталуы зерделенді.

Консультациялық қолдау: Жергілікті дәрігерлермен бірге клиникалық аралау

жүргізіліп, ауыр пациенттерді емдеу схемалары түзетілді.

Қорытынды:

Талғар ауданында халық тығыздығының жоғары болуына байланысты, пациенттерді

облыстық бейінді орталықтарға жедел жеткізу және жер