Ауылдық жерлердегі медициналық көмектің сапасы — өңірдің денсаулық сақтау
саласын дамытудағы басты басымдық. Алматы облысы Денсаулық сақтау
басқармасы басшылығының бастамасымен Кеген және Нарынқол ауылдарының
аудандық ауруханаларында жұмыс процесіне мониторинг жүргізілді.
Іс-сапардың басты мақсаты — кардиологиялық қызметке аудит жүргізу,
пациенттерді тасымалдау (маршрутизация) жүйесін жетілдіру және қан айналымы
жүйесінің аурулары кезінде шұғыл көмек көрсету тиімділігін арттыру.
Мониторинг барысында келесі негізгі бағыттарға ерекше назар аударылды:
Шұғыл көмек: Қабылдау бөлімшелері мен қарқынды терапия палаталарының
жіті коронарлық синдром және миокард инфарктісі бар ауыр пациенттерді
қабылдауға дайындығы тексерілді. Мамандар шұғыл жағдайларда персоналдың
жұмыс жеделдігін бағалады.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тексеру: Ауруханаға дейінгі және
ауруханаішілік кезеңдерде шұғыл тромболитикалық терапияны (тромбтарды
еріту) жүргізу үшін қажетті өмірлік маңызды дәрілік препараттардың қоры мен
қолжетімділігі тексерілді.
Жұмыс процесін бағалау: Аурухана бөлімшелері арас






