Бүгін Боралдай аудандық ауруханасында Облыстық қан орталығымен бірлесе ұйымдастырылған маңызды қайырымдылық шарасы — Донор күні өтті.
Аурухана қызметкерлері мен аудан тұрғындары бір мақсат жолында бірікті — қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету. Донор болу — бұл жай ғана медициналық процедура емес, бұл адам өміріне араша болу, мейірімділік пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Шараға атсалысқан барша жанға шынайы алғысымызды білдіреміз:
❤️ Облыстық қан орталығының мамандарына — кәсібилігі мен қолдауы үшін.
❤️ Қан тапсырып, игі іске үлес қосқан әрбір донорға. Сіздердің көмектеріңіз баға жетпес!
Жиналған қан облыстағы медициналық мекемелерге жіберіліп, емделушілердің өмірін сақтауға көмектеседі.
Осындай игі іске атсалысқан әрбір жанға рақмет! Бірге біз мейірімді әрі сау қоғам қалыптастырамыз







