Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін Боралдай аудандық ауруханасында кішкентай емделушілеріміз бен қонақтарымыз үшін нағыз ертегі әлемі орнады! Балалардың халықаралық мерекесіне орай біз ерекше және көңілді іс-шара өткіздік. 🎉🎈


Аурухана ауласында балақайлар асфальтқа бормен сурет салу байқауына қатысып, өздерінің қиялдары мен шығармашылықтарын көрсетті. Ал көңілді аниматорлар түрлі ойындар ұйымдастырып, әр баланың жүзіне күлкі сыйлады, би билеп, мәре-сәре болды! 🎨🕺💃
Байқауға қатысқан кішкентай жеңімпаздарымыз бен белсенді бүлдіршіндерімізге тамаша сыйлықтар мен приздар дайындалды. Балаларға арналған осы тамаша приздардың демеушісі @tagansorbet парақшасына қолдау көрсеткені және бүлдіршіндерге қуаныш сыйлағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! 🎁❤️

Барлық балақайларды мерекесімен құттықтаймыз! Денсаулықтарыңыз мықты, аспандарыңыз ашық, балалық шақтарыңыз ең бақытты сәттерге толы болсын! ☀️🌍