Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Іле ауданы Боралдай ауылының «Аудандық ауруханасында» жоғары сынып оқушыларына арналған ауқымды кәсіптік бағдар беру күндері өз мәресіне жетті. Біз үшін ең салтанатты сәт — медицина әлеміне ерекше қызығушылық танытып, өзін үздік қырынан көрсеткен оқушыларды марапаттау рәсімі болды!

Қалай марапатталды және бұл күн несімен есте қалды?✨



Ең белсенділерді іріктеу: Теориялық кездесулер мен «Дәрігер өмірінің бір күні» экскурсиясынан бастап, СЛР, дефибриллятор және «Damumed» жүйесімен жұмыс істеуге дейінгі барлық тәжірибелік кезеңдерде оқушылар өздерінің зеректігін дәлелдеді.
Ерекше марапат пен жаңа мәртебе:Іс-шаралар қорытындысы бойынша ерекше белсенділік танытқан және медицина саласына шын ықылас білдірген оқушылар арнайы іріктеліп алынды.
МӘМС еріктілері (Волонтерлер):Марапатталған үздік оқушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша қосымша білім берілді. Енді олар өз қатарластары арасында медициналық сақтандыруды түсіндіретін біздің ресми ерікті көмекшілеріміз атанбақ!

Жас достарымызды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Бұл жеңіс олардың үлкен медицина әлеміне жасаған алғашқы сәтті қадамы болсын!