Бос лауазымға орналасуға Конкурс
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Боралдай ауылы «Аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды
Мекен жайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылы, Водник-1, Азербаева көшесі 10 «а», пошта индексі: 040707, эл. поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., телефон 8 (7273) 877106.
1. Боралдай ауылы «Аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
Аурухана 5 клиникалық бөлімшеден тұрады, олардың әрқайсысы негізгі қызметтерді атқарады: қабылдау бөлімі, терапия бөлімшесі, хирургия бөлімшесі, гинекология бөлімшесі, балалар бөлімшесі.
Аурухана диагностика және емдеу үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Клинико-диагностикалық зертхана жұмыс істейді.
Аурухана жанында 25 учаскеден тұратын жалпы тәжірибе дәрігерлері бөлімшесі және күндізгі стационар бар.
Орталық құрамына А. Тоқпанова ауылының ЦПМСП және Жайнақ ауылының дәрігерлік амбулаториясы кіреді.
2. Лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Кәсіпорын қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
Кәсіпорын қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Кәсіпорынды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.
3.Барлық конкурсқа қатысушыларға
қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
- "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);
- немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
- немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
- денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
- басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
3. Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
- қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
- денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
- басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
- медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;
- денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;
- халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
- отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
- төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.
4. Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).
- Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысуға өтінімдер беру уақыты:
Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады
7. Конкурс өткізу күні:
- құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде;
- хабарлама телефон арқылы, электронды адреске және қатысушылардың ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
8. Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы;
2) кандидаттың құзыретін бағалау.
Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы кезінде кандидат Кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдауды және оларды шешу үшін ұсынылатын шешімдерді ұсынады..
9. Конкурс өткізу орны
Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылы, Водник-1, Азербаева көшесі 10 «а», пошта индексі: 040707, эл. поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., телефон 8 (7273) 877106.
https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/documents/details/969928?lang=kk





