Сіздерді Біздің “Боролдай” Аудандық Ауруханасынан тегін МӘМС жүйесі арқылы және ақылы түрде медициналық көмек алуға шақырамыз!
Егер Сіз Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тіркелмеген болсаңыз, онда мемлекеттік кепілдік көлемінен тыс медициналық қызметтерді ақылы түрде көрсетілетінін ескертеміз.
Яғни, МӘМС жоқ жергілікті тұрғындары және қонақтары, шет ел азаматтарына келесі қызметтер тек ақылы түрде ұсынылады:
• Мамандар қабылдауы
• Диагностикалық зерттеулер (КТ, УЗИ, рентген, қан талдауы және т.б.)
•Жоспарлы емдеу және ауруханаға жату
•Жоспарлы операциялар және тағы басқа қызмет түрлерін тәулік бойы 24/7 біздің ауруханамыз қызмет көрсетуге дайын.
•Медициналық көмекке жүгінбес бұрын МӘМС мәртебеңізді тексеріп алыңыз.
МӘМС жүйесіне қосылу – Сіздің толыққанды медициналық көмек алуыңызға мүмкіндік береді!
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік»-Құрметті ауыл тұрғындары және қонақтары.
Ізгі ниетпен: «Боролдай» Аудандық Аурухана ұжымы.












