Бүгін: 24.09.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

Құрметті пациенттер!


Біздің ауруханада 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI Қазақстан Республикасы Кодексіне «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» сәйкес Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылды.

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің міндеті – азаматтардың ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі аясында сапалы медициналық көмек алуға құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ пациенттерге медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша қолдау көрсету.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ БОЙЫНША ҰЙЫМДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТӨМЕНДЕГІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРЕДІ:

  • Пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) туындаған жерде «осында және қазір» қағидаты бойынша шешу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шағымдарды қарау – өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды; пациенттердің медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін сауалнама арқылы анықтау;
  • Пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігі бойынша бағалау (клиникалық аудит) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
  • ТМККК және МӘМС аясында тегін медициналық көмек көрсету қағидаларын сақтау;
  • Жұмыстағы кемшіліктердің алдын алу мен оларды жоюға, медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДА ЖҮГІНЕ АЛАСЫЗ:

  • Егер көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;
    • Медициналық персонал тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа тап болсаңыз;
    • ТМККК және МӘМС аясында көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персонал тарапынан ақша талап етілсе;
    • Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарының бұзылуы орын алса (Дәрігерге қабылдауға жазылу, Үйге дәрігер шақыру, Медициналық ұйымға тіркелу, Анықтама және уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру, Міндетті алдын ала медициналық тексерулерден өту, Госпитализация бюросы порталы арқылы ТМККК аясында стационарға жатқызуға жолдама беру, Стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме беру, БМСК ұйымынан анықтама беру, Өмірде ерікті түрде тіндерді (тін бөлігін) немесе органдарды (орган бөлігін) қайтыс болғаннан кейін трансплантация мақсатында сыйға тартуға келісім/бас тартуды тіркеу, Санаторий-курорттық емделуге мұқтаждық туралы қорытынды беру).
    Сонымен қатар, медициналық көмекті көрсету тәртібі мен сапасына байланысты өзге де мәселелер туындаса, сіз Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне жүгінуіңізге болады.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕЛЕСІ ТЕЛЕФОНДАР БОЙЫНША ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ:

  • Боралдай а. «Аудандық аурухана» ШЖҚ МКК call-орталығы — 8 (727) 341-00-72
    • НҚжәне ІА қызметі — 8 (707) 328-27-13