«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ары қарай-Басқарма) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік келесі кәсіпорындарда байқау кеңесінің мүшелеріне конкурстық іріктеу конкурсы өтетінің хабарлайды.
1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы Боралдай ауылы «Аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы «Шелек ауылының №1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
3) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы «Шелек ауылының №1 Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
4) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
5) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы «Қарасай клиникалық көп бейінді орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
6) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы «Қонаев қаласының қалалық көпсалалы ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
7) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы «Іле аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
8) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
8) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы «Енбекшіқазақ көп бейінді орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы Байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
- денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
- денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
- денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы Байқау кеңесіне сайланбайтындар:
- соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
- заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
- байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштердің қабылдау мерзiмi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбес:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
- қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
- үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- Кодекстің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Конкурсқа құжаттар қабылдауды бастау мерзімі – 2024 жылғы 17 сәуірден басталады.
Конкурсқа құжаттар қабылдауды аяқтау мерзімі - 2024 жылғы 17 мамыр.
Конкурс өткізетін орны: «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 4 ықш.ауданы, Алматы көшесі 54, 1 этаж, № 3 кабинет, тел.: 8 (72772) 3-40-26





